Бөбекжай - бақшамыздың "Біртұтас тәрбие" бағдарламасы бойынша "Әкелер мектебі" жұмыс жоспарына сәйкес "Әкелер еңбегі - елге үлгі, ұрпаққа өнеге" тақырыбында іс - шара ұйымдастырылды. Міндеті: Әке еңбегінің маңызын түсіндіру. Балаларды үлкендерді сыйлауға, ата анаға құрмет көрсетуге баулу. Жас ұрпаққа әке еңбегінен өнеге алып, жауапкершілік, еңбекқорлық қасиеттерін қалыптастыру. Бала тәрбиесіне бейжай қарамай, уақыт бөліп, атсалысқан қатысушыларға алғыс білдіреміз. Ұйымдастырушылар:
Тәрбиеші: Шахарова Г.Ж.
Музыка жетекшісі: Ж. Қосбармақова.
Психолог: Г.Е. Қожахметова
“Әжелер мектебі мен аналар мектебінің” жоспары аясында балабақшамызда "Өнерді өрге жетелеген әжелер" шеберлік сыныбы өтті. Жас аналарға қазақтың дәстүрлі қолөнерін, соның ішінде жүн түту және көрпе тігу өнерін үйрету арқылы ұлттық мұрамызды насихаттау; тұрмыстық шеберлікке баулу, отбасылық ынтымақ пен бірлікті арттыру; қолөнер арқылы аналардың бос уақытын тиімді өткізуіне мүмкіндік жасау және ұлттық қолөнерге деген қызығушылығын ояту.
Тәрбиеші: Бүркітбаева Гаухар.
“Әжелер мектебі мен аналар мектебінің” жоспары аясында "Асыл әже" жас аналарға қыз тәрбиесі туралы кеңестерімен бөлісті. Қыз баланың тәрбиесі - ұлт болашағының негізі. Әжелеріміз ғасырлар бойы қызды ізеттілікке, мейірімділікке, сабырлылыққа баулып, аналық мейрім мен қазақы тәрбиенің үлгісін көрсетіп келген. Жас аналарға асыл әжелерден бірнеше маңызды кеңес: Әдептілік пен инабаттылық. Қыз - ұлтың ұяты. Оны кішкентайынан әдеп сақтауға, сыпайы сөйлеуге, үлкенге құрмет кішіге ізет көрсетуге үйрету керек. "Қызға қырық үйден тыйым" деген нақыл сөз бекер айтылмаған. Шаңырақтың шырағы болсын. Қыз бала - отбасының берекесі. Оған тұрмыстық істерді үйретіп, қонақ күту, ас әзірлеу, тазалық сақтау сынды дағдыларды сіңіру - ана мен әженің міндеті. Қызға көркем мінез - ең үлкен қазына. Сабырлы, мейрімді, жанашыр болуды бойына сіңіру - болашақта оның жақсы жар, адал ана болуына көмектеседі. "Қызды күлімдеп қарсы ал, қабағыңды түйіп шығарып сал" деген сөздің мәні оған әрдайым мейрім танытып, жылы сөзбен тәрбиелеу.
Тәрбиеші: Бүркітбаева Гаухар.
"Әжелер мектебі мен аналар мектебінің" жоспарының аясында бөбекжай - бақшамыздың психологі Қожахметова Гүлшат Егізбайқызы бөбекжай - бақшамыздың әжелерімен және аналарымен психологиялық тренингтер өткізді. Мақсаты: бала тәрбиесі дамуындағы басты рөл атқарушы - отбасы. Сондықтан ата - ананың бала көңілін таба білуіне ой қозғау, тәрбие жайлы пікір бөлісу. Ата - аналарға балаға рухани тәрбие берудегі отбасының рөлі жайлы түсіндіру. Ата - аналар мен балабақша арасындағы қарым - қатынасты нығайту.
Шуақты көктемнің алғашқы күнімен тұспа - тұс келген 1 - наурыз "Алғыс айту" күніне орай бөбекжай - бақшамыздың ата - аналарын ертеңгілік қабылдау кезінде құттықтау сәті. Ата - аналарды мерекелік көңіл - күймен қарсы алып, тәттілер үлестіріп, рақмет айтылды. Психолог: Қожахметова. Г.Е
Балабақшамызда Ұлыстың ұлы күні - Наурыз мерекесі тойланды. Бауырсақ пісіріліп, Наурыз көже асылды. Ата - аналармен ұлттық ойындар ойнатылып, наурыз көже таратылды. Ән айтылып, күй тартылды. Наурыз мерекесі құтты болсын! Берекелі, мерекелі, несібелі жыл болсын!
Президентіміз Қасым - Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың бастамасымен 14 - 23 аралығы Наурыз мерекесін тойлау жаңа форматы - Наурызнама онкүндігі аясында , “Ұлттық киім” челленджі өтілді.
Қыстан аман шығып, көктемге жеткен халық бір - бірімен көрісіп, қол алысып, құшақтасып, ізгі тілектерін жаудырады. Бұл - тек қазақ халқына ғана тән ерекше дәстүр, нағыз бірліктің, татулықтың, сыйластықтың, белгісі! Осы берекелі күн баршамызға жақсылық, ырыс - несібе, мол табыс әкелсін!
Әр шаңырақ шаттыққа бөленіп, төрімізден ырыс пен ынтымақ кетпесін! Осы орайда балабақшамызда көрісу күні ерекше аталып өтілді. Балабақша ұжымы мен ата - ана арасында ауызбіршілік пен сыйластық, бір - біріне деген құрмет, ізгілік нышаны көрсетілді.
«Біртұтас тәрбие» бағдарламасының жоспары бойынша «Еңбегі адал - жас өрен» жобасы аясында «Шырша ойыншықтары» тақырыбында тәрбиеленушілер қалдық және табиғи материалдарды пайдалана отырып, ата - аналармен бірге жасаған қолөнер бұйымдарынан жәрмеңке өткізді.
16 желтоқсан Тәуелсіздік күніне орай «Жұлдыз» мектепалды даярлық тобының тәрбиеленушісі Қожамбет Дінмұхамбеттің өлең жолдары.
“Мақал - сөздің азығы, жұмбақ - ойдың қазығы”
“Әжем , анам және мен” аудандық байқау.
"Ғажайып музыка әлемі" аудандық апталықтың жабылуы ойын - сауық
"Қамажай" ұлттық биі
Айтыс өнері
"Бәйтерек" шулы музыкалық аспаптар оркестрі
"Ғажайып музыка әлемі" тақырыбындағы аудандық апталықтың ашылуы
"Әжелер мектебі" іс - шаралар жоспары бойынша әжелер ансамблі "Сәулем - ай" халық әнін орындады.
"Әжелер мектебі" іс - шаралар жоспары бойынша әжелер ансамблі "Бір бала", халық әнін орындады.
1 - Наурыз Алғыс айту күні құтты болсын!
Шебер әке, өнерлі ана, еңбекқор бала” Республикалық байқауының аудандық кезеңі
“Мақал - сөздің азығы, жұмбақ - ойдың қазығы”
«Әжем, анам және мен»
"Ғажайып музыка әлемі" аудандық апталықтың жабылуы ойын - сауық
"Қамажай" ұлттық би
і
Айтыс өнері
"Бәйтерек" шулы музыкалық аспаптар оркестрі
"Ғажайып музыка әлемі" тақырыбындағы аудандық апталықтың ашылуы